Келісім (Жария оферта)


Алматы қаласы

«SUNNA GROUP» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жарғының негізінде әрекет ететін директор Кобеев Уалихан Бахытжанулы (әрі қарай – «Қызмет көрсетуші») және
(әрі қарай – «Қызмет алушы»), қосып айтқанда «Тараптар», төмендегі келісімге келді,

1. Келісім объектісі



1.1. Қызмет беруші, өзіне тиесілі видео сабақтарды ақылы түрде, Қызмет алушыға, уақытша қолдануға/көруге рұқсат етеді.
1.2. Курстың аталуы мен құрамы, осы Келісімнің 1-ші Қосымшасында көрсетілген.


2. Қызмет алушының міндеттері


2.1. Қызмет алушы, видео сабақтардың ақысын төлегеннен кейін, алынған ақпараттарды барынша өзінің жеке пайдасына, біліміне қолданып, өзге тұлғаларға таратпауға тиіс.
2.2. Сабақтардың видеоларын, Қызмет берушінің ресми рұқсатысыз, үшінші тұлғаларға тарататын, көрсететін, сататын болса, осы Келісімнің 3 тармағында көрсетілген жауапкершілікке тартылады.

2.3. Келісім бойынша шарттық құқықтық қатынастарды реттеу үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын таңдайды және қажет болған жағдайда қолданады.
2.4. Қызмет берушінің берген ақпараттары мен курстары, ешқандайда лицензияның болуын талап етпейді.
2.5. Қызмет алушы, курсты сатып алғаннан кейін, өзінің Жеке кабинетіне сатып алған тарифіне сай мерзімге иелік алады.

3. Жауапкершіліктер мен міндеттер


3.1. Қызмет алушы, осы Келісімнің 2.2 тармақшасында көрсетілген келісімді бұзатын болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 198-ші бабында көрсетілген, жауапкершілікке тартылады.
3.2. Қызмет алушы, Ақпарат берушінің авторлық және сабақтас құқықтарын, өткiзу мақсатында иемденіп, таратса (сатса), - 242 880 (Екі жүз қырық екі мың сегіз жүз сексен) теңге көлемінде айыппұлға тартылып және 80 (Сексен) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
3.3. Тарату, сату айтарлықтай мөлшерде жасалса немесе Қызмет берушіге айтарлықтай залал келтірілсе, – 490 080 (Төрт жүз тоқсан мың сексен) теңге көлемінде айыппұлға тартылып, болмаса 40 (Қырық) тәулікке қамаққа алынады.
3.4. Адамдар тобы (компания) болып, iрi мөлшерде Қызмет берушіге залал келтiрсе – 15 315 000 (Он бес миллион үш жүз он бес мың) теңге көлемінде айыппұлға тартылып, болмаса 5 (Бес) жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3.5. Қызмет беруші, Қызмет алушыға сабаққа қосымша ретінде жіберілуі тиіс заттарды/ақпараттарды, айтылған уақытынан кешіктіріп жіберсе, әр кешіктірілген күн үшін, Қызмет алушының жалпы төлеген соммасының 0,1 пайызын төлеуге міндеттенеді.
Бұл айтылған мәміле, үшінші тұлғалардың әрекеттерінен туындаған мәселелерге қатысты емес.
3.6. Қызмет берушінің міндеттері:
- Қызмет алушының таңдаған, төлем жасаған курсын, берілген ақпараттарға сәйкес беруге;
- Қызмет алушыға, алдын ала айтылған уәделерін орындауға (чек-лист, бокс және бонус сабақтарды жіберуді қоса).
3.7. Қызмет алушының міндеттері:
- Алынған сабағын, мұқият оқып, үй жұмыстарын берілген мерзімде орындау;
- Курсты алмас бұрын, оның модульдары мен сипатталарымен танысуға;
- Менеджерлермен немесе кураторлармен мәдениеттілік сақтап, тілдесу.
3.8. Тараптар осы Келісімнің талаптарын орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
3.9. Тараптардың арасында қандай-да бір даулар туындаған жағдайда, оларды Шағым тәртібін сақтай отырып, келіссөздер жолымен шешуге міндеттенеді. Шағымды қарау мерзімі – оны алған күннен бастап 30 (Отыз) күнтізбелік күн.
3.10. Осы Келісімді орындауға, бұзуға, тоқтатуға немесе жарамсыздығына қатысты барлық даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті сотта шешілуге жатады.


4. Курс жайлы ақпараттар

4.1. "SUNNA EDUCATION" оқу орталығы ұсынатын курс тікелей Араб тілін үйренуге бағытталады. Курс ұзақтығы - 2 айға созылады. Курс оқытылатын платформада 56 видео-сабақ жазылған, оны көру арқылы курс бағдарламасын кеш-келген уақытта көре алады. Одан бөлек апта сайын оқушының алған білімін пысықтау мақсатында апталық тесттер белгіленеді. Курс сапасын арттыру мақсатында білікті ұстаздар мен спикерлермен аптасына 1 рет "ZOOM" платформасында сабак болады. Курс аяқталғаннан кейін білім алғанын куәландыратын сертификат беріледі, және Умраға жолдама алу мүмкіндігіне ие болады.

4.2.Курсттың бағасы тікелей 4 тарифке байланысты болады.


  • Standart - 29 990 KZT
  • Premium - 54 990 KZT
  • VIP - 74 990 KZT
  • Platinum - 99 990 KZT

4.3. Курсты сатып алу тәртібі:

Курсты сатып алу үшін, https://sunna.education веб-сайтында, өзіне ұнаған пакетті таңдау арқылы, "Қызмет алушы" ұсыныс қалдыра алады. "Қызмет алушы" курс бағдарламасын сатып алғаннан кейін, "Қызмет көрсетуші"-нің сапа бақылау бөлімі мамандары, курс бағдарламасы жайлы толық ақпарат береді.



4.4. Курс төлемін қайтару шарттары:
- Қызмет алушы, Қызмет берушінің заңды мекенжайы бойынша ресми түрде хат жолдап, курсқа төлем жасаған күннен бастап 14 (Он төрт) күн ішінде (курсты пайдаланып, көріп үлгермеген жағдайда ғана), төлеген соммасын 100 % көлемінде қайтаруын талап ете алады, ал Қызмет беруші, қайтаруға міндеттенеді;
- Жоғарыда жазылған 100 % ақшаны қайтару тармақшасы, банк арқылы «бөліп төлеу» тәртібін қолданып, курс сатып алған Қызмет алушыларға қатысты емес. Оларға арналған жеке тәртіп: Қызмет алушы, банк арқылы бөліп төлеу тәртібімен алған сабағын/курсын, Қызмет берушінің заңды мекенжайы бойынша ресми түрде хат жолдап, курсқа төлем жасаған күннен бастап 14 (Он төрт) күн ішінде (курсты пайдаланып, көріп үлгермеген жағдайда ғана), төлеген соммасының 75 % көлемінде қайтаруын талап ете алады, ал Қызмет беруші, қайтаруға міндеттенеді;
- Қызмет алушы, сатып алған курсын көріп бастап, соңына дейін жетпей, Қызмет берушіден ақшасын қаутаруды ресми түрде талап етсе, ақша, келесі тәртіптермен қайтарылады:
Мысал: Курс, 2 айдан немесе 8 аптадан тұрса, ал Қызмет алушы, оқудың 36-шы күнтізбелік күні, ақшасын қайтаруды талап етсе, есеп келесідей болады.
Қызмет алушының төлеген соммасының 25 %-ы, банктік қызметтер мен сату менеджерлердің шығыны ретінде, бірден шегеріледі.
Әрі қарай 75 %, курс оқытатын күндерге бөлінеді. Жобамен 56 күнтізбелік күнге. Курстың бағасы 100 000 (Жүз мың) теңге болса, калькуляция келесідей болады:

100 000 – 25 000 (Банктік қызметтер...) = 75 000;

75 000 / 56 = 1 339;

1 339 * 36 = 48 214;

75 000 – 48 214 = 26 786.

Қызмет алушыға қайтарылатын ақша: 26 786 теңге.

4.3. Жоғарыда көрсетілген есеп, тек 100 мың теңгелік мысал. Әр Қызмет алушының төлемі, төлеген төлемінен индивидуалды түрде саналады.

5. Форс-мажор


5.1. Қызмет беруші, осы Келісімді жасасқаннан кейін, форс-мажорлық мән-жайлардан немесе өзінің бақылауынан тыс іс-шаралардың әсерінен жауапкершіліктерін орындай алмаса, өз міндеттемелерінің кез келгенін орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Форс-мажорлық жағдайлар: сервердің бұғатталуы, интернеттің сөндірілуі, табиғи катаклизмдер, ереуілдер, өрт, су тасқыны, жарылыстар, мұз қату, соғыстар (жарияланған және жарияланбаған), бүліктер, апаттар, мемлекеттік органдар салатын шектеулер (бөлуді, ресми талаптарды, квоталарды және бағалық бақылауды қоса алғанда), төтенше жағдай, карантин жатады. Аталған мән-жайлар осы Келісімді орындауға тікелей әсер етуі мүмкін.

6. Қосымша шарттар


6.1. Қызмет алушының өзінің жеке басы туралы ұсынатын ақпараттары құпия болып табылады. Ол ақпараттар тек курсқа қатысты кездерде ғана қолданылады (веб-сайтқа логин, пароль, хабарлама немесе жарнама жіберу мақсаттарында).
6.2. Осы Келісіммен келісе, Қызмет алушы өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге ерікті түрде рұқсатын берді.
6.3. Қызмет алушы, таратылым (смс, жарнама және т.б.) алуға қарсылық білдірген жағдайда, ресми түрде өтініш жазып, Қызмет көрсетушіге жүгінуге құқылы.
6.4. Қызмет алушы, Қызмет берушімен берілген веб-сайтындағы жеке кабинетінде орналасқан кез келген материалдарды, үшінші тұлғаларға таратпауына, көшірмеуіне, аудармауына және қайта жасамауына келісімін берді. Қызмет берушімен берілген жеке кабинетінің құпия сөзі мен логинін тек өзі қолданатынына, үшінші тұлғаға беретін болса, жеке кабинеті бұғатталып, сабақтар ашылмай қалатынына хабардар етілді.





7. Түйін


7.1. Қызмет алушы, жоғарыда жазылған Келісімнің тәртіптерімен танысып, алған ақпараттарды таратпай, сатпай, өзінің пайдасына ғана қолдануға келісімін берді.




«SUNNA GROUP» ЖШС

Мекенжай: Жібек Жолы көшесі, 76

© ТОО "Sunna Group"
Казахстан, город Алматы, Медеуский район, Проспект ЖИБЕК ЖОЛЫ, здание 76
Почтовый индекс 050004
+7 (771) 572-56-52
Номер счёта: KZ10722S000012729166
Валюта: KZT
БИН/ИИН: 220240008255
Банк: АО ДБ «Kaspi-Банк»
БИК Банка: CASPKZKA

Руководитель, назначенный (избранный) уполномоченным органом юридического лица КОБЕЕВ УАЛИХАН БАХЫТЖАНУЛЫ
Барлық құқықтар қорғалған
sunna.edu@gmail.com
Made on
Tilda